Түркияда тағы лаңкестік оқиғасы болды. Стамбұлдағы Reina түнгі клубына жасалған шабуылдан кемі 35 адам өліп, 40-тан астамы жараланған. Бұл туралы Стамбұл губернаторы Васип Шахинның сөзіне сілтеме жасап, ВВС хабарлады.
Оның айтуынша, қайтыс болғандардың арасында бір полицей бар. Губернатор бұны лаңкестік шабуыл деп атады. Шахин шабуылшының Санта-Клаус киіміндегі бір ғана адам болғанын айтады. Бұдан бұрын өзге БАҚ екі қарулы адам деп хабарлаған.

Фото: bbc.com
Reina түнгі клубы Стамбұлдың Бешікташ районында орналасқан. Шабуыл жасалған сәтте онда неше жүздеген адам болған.
Түркиялық NTV арнасының мәліметінше, кейбір адамдар құтылудың жолын іздеп жан таппағанда, Босфор теңізіне секіріп кеткен.
ВВС тілшісінің айтуынша, аталған түнгі клуб жергілікті тұрғындар арасында ғана емес, шетелдік қонақтарға да танымал екен.
Терактіге байланысты АҚШ президенті Барак Обама бастаған өзге ел, халықаралық ұйым басшылары көңіл айтып үлгерген.
Жаңа жыл кешінде Стамбұл қаласын 17 мың полицей күзеткен. Қазір олардың қатары көбейтілді. Шабуылдан кейін бүкіл Түркияда сақтық шаралары күшейтілді.
«The Qazaq Times»















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес