Түрік Атазаңының кейбір баптарына өзгеріс енгізілді. Әсіресе, мемлекетті бүгінге дейін басқарып келген парламенттік жүйені шетке қағып, президенттік билік басқаратын әрі оған екі мерзім сайлануға рұқсат беретін референдум Ердоғанның пайдасына шешілді.
Халықтың жартысы қолдады. Яғни, 25 миллион сайлаушы 51,35 пайыз "қолдау" дауысын берді.
Бейресми қорытындыға қарағанда «қарсы» дауыстардың көрсеткіші 48,65 пайыз.
55 миллионнан астам сайлаушысы бар ел көлемінде сайлауға қатысу көрсеткіші 84 пайыз болған. Президент Ердоғанға шексіз билікті бергісі келетіндердың ең көп белсендісі Байбуртта болса, оған қарсы дауыс бергендердің көбі Тунджелиде екен.
Екі қалада да «қолдау» және «қарсы» дауыс бергендердің көрсеткіші 80 пайыздан асты.
“The Qazaq Times”