Қазақ ән өнерін әлем сахнасына алып шыққан жарық жұлдыздың бірі Димаш Құдайбергеннің алдағы үш айда Еуропа елдерінде өткізетін концертінің тізімі белгілі болды.
Іnstagram желісіндегі ресми парағында «Arnau tour – 2020 концерттерінде көріскенше» деп жазған Димаш жеке шығармашылық кештерінің афишасын жариялады. 16 ақпанда Краснодардан бастап (Ресей), 20 ақпанда Қазанда (Татарстан, Ресей), 23 ақпанда Екатеринбургта (Ресей), 7 наурызда Ригада (Латвия), 9 наурызда Мәскеуде (Ресей), 11 наурызда Киевте (Украина), 19 наурызда Гамбургте (Германия), 21 наурызда Дюсселдорфта (Германия), 23 наурызда Штутгардта (Германия), 25 наурызда Прагада (Чехия), 4 сәуірде Минскте (Беларусь) жеке концертін өткізбек.
Сонымен қоса Димаш биыл көктемде, мамырдың 22-24 күндері Жапония астанасында өтетін жүз мыңға тарта көрермен қатысатын 19-шы «Tokyo Jazz Festival» галаконцертінде өнер көрсетеді.

"Arnau Tour-2020" бағдарламасы. Фото: Димаштың әлеуметтік желідегі парағынан


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді