АҚШ Президентінің әкімшілігінің мәлімдеуінше, Америка тарапынан Тайванға, Қытайдан қорғану үшін, көлемді қару жарақ, оның ішінде моденрнизацияланған зымыран жүйелері мен кемелерге қарсы жабдықталған зымырандарды жеткізуді жоспарлап жатыр деп хабарлайды Reuters агенттігі. Сонымен қатар, жөнелтілетін қару-жарақтың көлемі, Барак Обаманың президент болған кезінде келісілген көлемнен едәуір артық болуы мүмкін.
Осыған дейін де Дональд Трамп "Бір Қытай" саясатына бағынбай-ақ, Тайванмен қарым-қатынасын қайта қарайтындығын айтқан еді.
"Бір Қытай" саясаты Тайван мәселесіне байланысты ҚХР басшылығы ұстанып отырған саясатының іргетасы болып табылады. Саясатқа сәйкес, Тайван аралы Қытайдың бір провинциясы ретінде есептеледі. Ресейдің көзқарасы бойынша, Тайван - Қытайды ажырамас бөлшегі болып табылады.
Соған қоса, президент басқармасының айтуынша, бұл келісім жақын арада жүзеге аспақ. Өйткені, осы сұрақтың төңірегінде Пекин мен Вашингтон арасындағы ынтымақтастық мәселелеріне кедергі келтіруі мүмкін.
“The Qazaq Times”


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?