15 наурыз күні "Алматы қаласындағы Түркия мәдени күндері" аясында ҚР Ұлттық кітапханасында Түрік елінің Қазақстандағы елшісі Рыза Қаған Йылмаз, Түрік халықтарының мәдени қорының президенті А. Дагдуран, Еуразия ғылыми зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Н. Шимшек және тағы да басқа қонақтардың қатысуымен конференция өтті. Екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстарды нығайту және түркі халықтарына ортақ мәдени мұраларды жандандыру мақсатында ұйымдастырылған шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Түрксой кафедрасының оқытушылары мен студенттері де атсалысқан болатын.
Шара аясында "Түркия мәдениеті мен әдебиеті" кітап көрмесі ұйымдастырылып, Ұлттық кітапханадағы Түркия кітап бұрышынан Қазақстан және Түркия жазушыларының шығармалары, сонымен қатар орыс, қазақ, ағылшын тілдерніе аударылған нұсқалары да ұсынылды.
Екі ел арасындағы мәдени байланысты жандандыру мақсатында, түрік ғалымдары қазақ тілінде өлең оқып, ал қазақ студенттері түрік жырларының маржандарынан шашу шашты.
«The Qazaq Times»