Бүгін ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен парламент палаталарының бірлескен жиыны өтті. Жиын кезінде президент басты бес әлеуметтік бастама туралы айтты. Бастамалар легінде тұрғын үй мәселесі қозғалды.
Президенттің сөзінше, елімізде жылдық 7 пайызбен үй сатып алуға мүмкіндік беретін бағдарлама іске қосылады. Бағдарламаның аты "7-20-25" деп аталады. Яғни президенттің ұсынысы бойынша ипотекалық бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемесі қазіргідей 14-15 пайыз емес, 7 пайызды құрайды. Үйді алу үшін алынатын бастапқы жарна - 20 пайыз. Ипотеканы 25 жылда төлеп бітіруге болады.
Осылайша президент ипотекаға қолжетімді болу үшін үкімет пен Ұлттық банкке барлық алғышарттарын қарастыруды тапсырды.
"Біз азаматтарымыздың тұрғын үй сатып алу мүмкіндігін арттыру үшін соңғы жылдары көп іс атқардық. Өткен жылы 11,2 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл бұдан бұрын біз қол жеткізіп көрмеген рекордты көрсеткіш. Алайда бұл да жеткіліксіз. Әлі күнге жеке үй жайы бар отбасылар аз емес", - деді президент.
Бұдан бұрын Нұрсұлтан Назараев тұрғын үй алуға мүмкіндік беретін "Нұрлы жер" бағдарламасы қолға алынатынын мәлімдеген еді. Бағдарлама 2016 жылдың желтоқсанынан бастап іске қосылды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?