БҰҰ ақпаратынша, Солтүстік Корея Сүрияға химиялық қару жасау үшін құрал-жабдықтар жіберіп отырған, - деп мәлімдейді BBC ақпарат агенттігі.
Есепте көрсетілгендей, 2012-2017 жылдары Сүрияда 40-қа жуық тіркелмеген құрал-жабдықтар анықталды. Құрал-жабдықтардың арасында қышқылға төзімді тақталар, клапандар мен құбырлар, термометрлер болған. Бұл құралдар химиялық қару өндірісінде қолданылады (Шығыс Гутаға жасалған шабуылда халықты улы газбен улаған деген ақпаратты "жалған" деп шыққан болатын)
Болжам бойынша, Сүрияның ғылыми зерттеулер орталығы Солтүстік Кореямен араға бірнеше компанияны салып транзакция жүргізген.
Сонымен қатар есепте Сүрия қару орталықтарында корей зымырандарын жасаушы мамандар байқалған делінеді.
Солтүстік Кореяға өзінің ядролық қаруға қатысты саясаты кесірінен халықаралық санкция салынған.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі