Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Иран басшысы Хасан Роухани телефон арқылы сөйлесті – деп хабарлайды Anadolu ақпарат агенттігі.

Сөйлесу барысында Режеп Тайып Ердоған Иранда болып жатқан жағдайларға алаңдаушылық білдіретінін және Түркия билігі қашан да Иран тұрақтылығын қолдайтындығын айтқан. Ал Хасан Роухани өз кезегінде Түркия басшысына қиын-қыстау кезеңде қолдағаны үшін рахмет айтып, алдағы күндері елде болып жатқан шерулердің аяқталатынына сенімді екендігін мәлімдеген.

Естеріңізге салайық, 2017 жылдың 28 желтоқсанынан бері Иран халқы жаппай шеруге шығуда. Олардың бұндай қадамдарға баруының басты себебі -қымбатшылық пен тұрмыс деңгейінің төмендігі.

“The Qazaq Times”