Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" шахталарындағы 150-ден аса кенші жер бетіне көтерілді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тараған мәліметтерге сенсек, 13 желтоқсан күні 00.30-да Ерлан Қошанов Шахтинск шахтасының кенжарына түсіп, екі сағаттық келіссөзден кейін жер бетіне 59 адам көтерілген. Тентек шахтасында кездесуден соң 76 адам жер бетіне шыққан.
Тентек шахтасында Ерлан Қошанов «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахталары директорларының, кәсіподақтар және бригадирлердің қатысуымен жиналыс өткізді. Мұнда тағы бір мәрте кеншілердің талаптары мен компанияның ұсыныстары талқыланды.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Кеншілермен сөйлескен. Фото: karaganda-region.gov.kz
Одан кейін әкім Ленин шахтасына келіп, кенжарға түсіп, кеншілермен кездескеннен соң 19 адам жер бетіне көтерілген.
Ал 06.00 шамасында әкім Қазақстан шахтасына түсіп, онда да кеншілермен кездескен. Бірақ келіссөздер жалғасуда.
"13 желтоқсан таңертеңгі сағат 8-ге дейінгі уақытта 154 кенші жер бетіне көтерілді. Мұнымен қоса, әлеуметтік желілерде Шахтинскіде қамауға алу жағдайлары орын алғаны туралы мәлімет тараған. Бұл ақпаратқа қатысты Қарағанды облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз-қызметі Шахтинск қаласында ешқандай тұтқындау және қамау амалдары жүргізілмегенін мәлімдеді. Полиция қызметкерлері азаматтарға жалпы дүрбелеңге бой бермеулерін сұрайды", - делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, кеше ҚР Еңбек және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова "жалақымызды 100 пайызға көтерсін" деген талаппан Қарағанды шахталарынан шықпай отырған кеншілердің саны 684 адамға жеткенін хабарлаған болатын. Кеншілер 11 желтоқсаннан бері жалақыны 100 пайызға көтеру, ауырған уақыттарға 100 пайыз еңбекақы беру, зейнетақы жасы мәселелері бойынша наразылық танытып жер астынан шықпай отыр және күн өткен сайын олардың саны көбейген.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?