АҚШ 2011 жылы қаза тапқан Аль-Каиданың бұрынғы басшысы Усама Бен Ладеннің жеке мұрағатынан табылған құжаттарды жариялады. Тегі пәкістандық, террорлық ұйымның жетекшісі өзінің соңынан ергендердің Ислам діні үшін емес, америкалық азаматтардың көзін жою жолындағы күреске ден қойғанын қалаған. Бұл туралы құжаттармен жарияланбастан бұрын танысып, зерттеуге мүмкіндік алған APF ақпараттық агенттігі жазды. 

Ол өзінің хаттарының бірінде: "Негізгі назар Америка халқының өкілдерін өлтіруге аударылуы керек", - делінген. Бен Ладеннің тұлғалық ерекшеліктерін ашуға көмектесетін мыңдаған құжаттарды 2011 жылы 2 мамырды, оны жасырынған жерінен тауып өлтірген АҚШ-тың әскерилері қолға түсірген.

Америка қолға түскен деректердің 100-ге жуығын жариялады. Ұлттық барлау кеңсесінің басшысы Джефф Анчукайтистің мәліметінше, терроршы жазбалары мен оның өміріне қатысты құнды құжаттар АҚШ-тың бұрынғы Президенті Барак Обаманың халық алдындағы шынайылығы мен Үкіметтің ашықтығын қамтамасыз ету туралы бастамасына негізделіп, жарияланған.

Құпия құжаттар америкалық журналист Сеймур Херштың "АҚШ-тың Бен Ладенді қолға түсіру операциясы жалған" деген мәлімдемесінен кейін жарыққа шықты. Бірақ Орталық Барлау басқармасының өкілі Райан Трапани Бен Ладеннің мұрағатын жариялау журналист жазбасына жауап беру мақсатында болмағанын айтады.

“The Qazaq Times”