Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары (МӨЗ) қайта іске қосылғаннан кейін қараша айында бензинге сұраныс біртіндеп азаяды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен конференцияда мәлімдеді.
Оның сөзінше, келесі айда бензин сұранысы 270-280 мың тонна көлемінде болады.
"Бұлардың біраз бөлігін отандық МӨЗ есебінен жабамыз. Көлем бойынша кестені бүгін-ертең бекітеміз, бірақ Шымкент пен Павлодар МӨЗ-ін барынша іске қосқымыз келеді. Атырау өндірісін біраз азайтамыз. Себебі оларға желтоқсан айында каталитикалық крекинг қондырғысы қойылу қажет. Ақшыл мұнай өнімдерін өңдеу бірден көбеюі керек, сонда зауыттың тиімділігі артады, содан кейін шикі мұнай үшін артық төлей бастайды", - деді ол осы айдың соңына дейін елге АИ-92 маркасы бойынша 100 тонна бензин келетінін айтып.
Сондай-ақ, ол бүгін Павлодар МӨЗ-і іске қосылғанын және жоғары сапалы бензин үш күннен кейін бола бастайтынын атап өтті.
"Алғашқы өңдеуге мұнай келіп жетті. Үш күннің ішінде Павлодар МӨЗ-інің толық қуаты іске қосылады және жоғары октанды бензин шығарыла бастауы тиіс", - деді министр.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді