Қырғызстан парламентінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Қазақстан тарапымен жасалған 100 млн долларға қатысты келісімнің күшін жою туралы заң жобасын қолдады. Қазақстан бұл қаражатты қырғыз елі экономикасының Еуразиялық экономикалық одаққа бейімделуін реттеу үшін беру керек болған.
"Комитет депутаттары бірінші оқылымда ЕАЭО аясында Қазақстанның Қырғызстанға 100 млн доллар беру туралы келісімін бұзу туралы заң жобасын бірауыздан қолдады", - деп мәлімдеген Қырғыз парламенті. Интерфакс агенттігінің мәліметінше, үкімет мұны жабық режимде өткізу туралы өтініш жасаған. Енді алдағы уақытта бұл Республика парламентінің талқылауына ұсынылуы мүмкін.
Айта кетейік, Қырғыз Республикасының ЕАЭО-ға кіруіне байланысты «жол картасын» іске асыру үшін Қазақстан тарапынан 100 млн доллар көлемінде техникалық көмек алу туралы келісімге 2016 жылдың 26 желтоқсанында Санкт-Петербургте қол қойылған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?