Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстан билігіне қарата кезекті мәлімдемесін жасады.

Ол онда Қазақстан тарапының үш күннен бері шекарасын жауып тастауын қатаң сынға алып, ол барлық халықаралық және ЕАЭО заңдарына қайшы екендігін айтқан. Алмазбек Атамбаевтың сөзінше, қырғыз халқы алда келе жатқан президент сайлауында шетелдің жандайшабын емес, Қырғызстан президенттігіне лайықты азаматты таңдайды және үш мың жылдық тарихы бар қырғыз халқы үш күндік қоршаудан қорықпайды.

“The Qazaq Times”