Passport Index порталы әлемдегі қонақжай елдердің тізімін жариялады. Тізімге 199 ел кіргенмен, рейтингтегі орын 103. Яғни кейбір орынға бірнеше елден келген.
Рейтинг нәтижесі бойынша, Қазақстан 74 орында. Ал ең қонақжай елдердің алғашқы ондығын Комор аралдары одағы, Кот-д'Ивуар, Гвинея-Бисау, Мадагаскар, Мальдив, Мавритания, Микронезия Федеративті Штаты, Мозамбик, Самоа бастап тұр. Одан кейінгі орындарға Сейшел, Шығыс Тимор, Тоголез Республикасы, Тувалу және Уганда жайғасқан.
Кеңес кезіндегі елдердің ішінде Армения 29 орында болса, Украина - 49, Грузия – 51, Қырғызстан 60 орынды иеленіп, Қазақстаннан бұрын тұр. Ресей - 83, Өзбекстан – 96, Әзербайжан – 97 орында.
Ал мүлде қонақжай емес елдердің тізімінде Ауғанстан, Солтүстік Корея, Сомали, Сүрия және Түркіменстан елдері тұр.
Айта кетейік, Passport Index рейтингі елдердің виза беру тәртібіне және қанша елдің азаматтары мемлекетке визасыз келе алатынына немесе елдің шетелдіктердің келуі үшін берілетін электронды рұқсатына байланысты жасалады.