Николас Мадуро Оппозиция басшысы Хулио Борхесті Еуропа мемлекеттерінің басшыларымен кездескен арнайы іс-сапары үшін "халық жауы" деп айыптады. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.

Николас Мадуроның Хулио Борхес  басқарған Ұлттық Ассамблеяны халықтық қарсылықтарға қарамастан таратып, орнына өз жақтастарынан құралған жаңа орган құрғаннан кейін, осы аптада оппозиция өкілі Франция, Испания, Ұлыбритания, Германия басшыларымен кездесу өткізген.

Венесуэла Президенті заң шығарушы органның жиынында сөйлеген сөзінде: "Меркельдің, болмаса Ұлыбритания патшайымының не айтатыны маңызды емес, Венесуэланың өз заңдары бар. Біз Лондон, Мадрид не Уашингтоннан бұйрықтар алмаймыз!", - деді.

Солшыл тарап өкілдерінің бірі: "Хулио Борхеске Отанына сатқындық жасаған "халық жауы" деген айып тағылып, оппозиционер 30 жылға дейін абақтыға жабылуы мүмкін", -  деп хабарлады.

4 тамыздан бастап сайланған жаңа заң шығарушы орган оппозиция өкілдеріне қарсы жаппай заң аясындағы жазалау шараларын қолға алып келеді. Ассамблея жанынан "ақиқатты анықтайтын комиссия" құрылып, билікке қарсы әрекет еткендердің істерін қарап жатыр.

Николас Мадуро Хулио Борхеске "АҚШ Президенті Дональд Трамппен сыбайлас" деген кінә артты. Ақ үй Венесуэла Президентін "диктатор" деп атап, Каракасқа қарсы қатаң санкциялар енгізген болатын.

“The Qazaq Times”