Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев қазіргі заманның қару-жарақтары мен әскери техникасын дайындаумен айналысатын отандық әскери өнеркәсіп кешенін құруды ұсынды.

Мемлекет басшысы бұл ұсынысын республиканың Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына арналған мерекелік жиында айтты.

Президент ұсынысы бойынша, елде әскери техниканы жетілдіру мен жөндеу, әскери өнімдерді шығаруға арналған 2017-2021 жылдардың кешенді бағдарламасын әзірлеу қажет.

"Отандық әскери өнеркәсіп кешенін құратын кез келді", - деп мәлімдеді Шавкат Мирзияев.

Өзбек президентінің пікірінше, болашақта ғылыми өндірістік база құруды қолға алып, әскери өнімдер шығаруда әлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен бірлескен кәсіпорындар ашу керек.

centralasian.org