АҚШ президентінің Ауғанстан саясаты туралы шешімі жарияланғаннан кейін, Талибан ұйымы мәлімдеме жасап, АҚШ армиясын тез арада Ауғанстаннан шығаруын талап етті. Бұл туралы «Franc-Press»-ке сілтеме жасай отырып «Парс.Ақпарат» агенттігінің ресми сайты хабарлады.
Сейсенбі күні Талибанның бас мәлімдемешісі Забихулла Моджахет арнаулы мәлімдеме жасап, Трамптың Ауғанстандағы әскер санын арттыру шешіміне жауап берді. Ол сөзінде: «Егер АҚШ бұл елден әскерлерін алып кетпесе, Ауғанстан америкалықтар үшін молаға айналады», – деді. Талибан күштері Ауғанстан соғысы АҚШ әскерлерін алып кеткеннен кейін ғана шешім табады деп қарайды.
Аталған мәлімдемеде және де: «АҚШ мұндағы соғысты жалғастырудың орнына, шегіну жолдарын қарастырсын. АҚШ-тың бір сарбазы қалса да біз басқыншылармен соғысты жалғастыра береміз», – делінген.
АҚШ президенті өз сөзінде Ауғанстандағы әскер санын қаншаға арттыратынын ашып айтпады. Алайда, Ақ үй лауазымдыларының бірі Трамптың Пентагонға жолдаған нұсқауын негізге ала отырып, Ауғанстанға 3900 әскер кіргізуі мүмкін екенін айтқан. Шетелдің кейбір сарапшылары бұл елдегі Америка Құрама Штат армиясының бейбіт тұрғындардың өлімі мен инфрақұрылымдарды бүлінуінен басқа табысы жоқ деп қарайды.