Азаттық Азия Радиосы Қытай тілі бөлімінің 18 тамыздағы хабарында, Шынжаңдағы Алтай аймағында тағы бір азаматтың жеке паспортын жергілікті билік алып алғаны туралы айтылды. Сонымен бірге, аталған аймақта 2008 жылғы Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері Қанат Ислам туралы айтуға тиым салды деп жазды. Оның себебін "Қанат аймақтағы қазақтарды Қазақстанға қоныс аударуға үгіттейді" деп көрсеткен. Азаттық Азия Радиосы жергілікті билікті ондағы этникалық қазақтардың Қазақстанға қоныс аударуына тосқауыл жасап отыр деп айыптайды.
Осы хабардың жалғасында, Алтай Қаба ауданында екі мұсылман азаматының мешітте дұға еткені үшін ұсталғанын, әрі жасырын түрде бес жылға сотталғаны туралы айтылады. Жергілікті үкімет барынша тұрғындардың қоныс аударуын шектеу шараларын атқарып отырғанын айтады.
Аталған радио тілшісіне жергілікті қазақ азаматы жауап беріп: «Аймақта қазақтардың паспорттарын жинап алу қайта жанданды. Қоныс аударғысы келетін бір отбасындағы әйелінің паспортын алып алды. Ол бірнеше рет паспортын қайтару туралы өтінген. Соңында, Алтай аймақтық қоғам қауіпсіздік органы жағынан 15 күндік саяси үйренуге әкетілді», – деген.
Ал, Азаттық Азияның ұйғыр тіліндегі бөлімінде АҚШ-тың «2016 жылғы дін еркіндігі мәлімдемесі» туралы хабарлаған. АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон 16 тамызда жасаған мәліметі бойынша, Қытай үкіметінің елдегі азаматтардың діни наным-сенім құқығына қол сұғып отыр деп айыптады. 2016 жылдан бері Қытай билігінің ұлттардың наным-сенім бостандығына орасан зор деңгейде қол сұққаны туралы айтты. Әсіресе, Шынжаңдағы жағдайды экстремизмге қарсы күрес әрекетін, ондағы ұлттардың діни сенімдерін бұзуға пайдаланды делінген.
Қытай жақ Тиллерсонның мәлімдемесін, бір елдің ішкі ісіне араласушылық деп сынға алған.