Ежелгі тарихтан бері адамдар қартаймаудың, ұзақ жасаудың жолын іздеп келген. Бірақ аңыздардағы мәңгі өлместің әбілхаят суы табылмады. Дегенмен, ғылым-техниканың бүгінгі деңгейі және қолайлы орта кейбір елдердің адамдарына ұзақ жасаудың орташа деңгейі саналатын 71 жастан көбірек жасауына мүмкіндік беріп отыр. БҰҰ-ның тапсырмасымен әзірленген World Happiness Report (Әлемдік бақыт есеп көрсеткіші) мәліметі BBC-дің онлайн қызметі арқылы жария етілді.

Жапония

Жапондардың ұзақ жасын ортақтастырғанда 83 жасты құрайды. Бұл қазіргі әлем бойынша орташа ұзақ жастан 12 жылға көбірек. Жапония көп жылдан бері ұзақ өмір сүру рейтингінде көш бастап келеді. Жапонияның «Ажалсыз мекен» аталған шағын ғана Окинава аралында 100 жастан ұзақ жасаған 400-ден аса адам өмір сүріп жатыр. Мамандар бұның сырын жергілікті халықтың тамақтану мәдениетімен тікелей байланыстырады. Сонымен бірге Жапония қоғамында әлеуметтік проблемалардан туындайтын басымдылықтардың жоқтығы да жасы ұлғайған кісілерге алаңсыз өмір сүру ортасын жаратып беріп отыр. Бұның өзі де адамның ұзақ өмір сүруіне үлкен әсер етеді деп қарайды.

Жапонияға барып, олардың ұзақ өмір сүруінің сырын іздеген этнографтар сізге жапон тілін үйренуге кеңес береді. Себебі, олардың пайымдауынша, жапон тілін үйреніп, жапондықтардың өмір сүру дағдысына қанықпаған адам, жапон аралдарында өмір бойы жасаса да ұзақ өмір сүруі екіталай.

Сонымен бірге жапон елінің дамыған экономикасы мен ғылым-техникасы жұқпалы ауырулардан, әр түрлі кеселдерден ажалынан бұрын о дүниеге аттанып кететіндердің санын барынша азайтып отыр.

Испания

Испанияда ұзақ өмір сүрудің орташа деңгейі 82,8 жасты құрайды. Бұның себебін ғалымдар Жер-орта теңізінің диетасы,  жүрекке аса пайдалы болған оливка майы және вино деп түсіндіреді. Осының бәрін испандардың ұзақ жасауындағы басты фактор ретінде қарайды. Бұдан сырт бір себебі бар деп қарайды ғалымдар – Ол болса «сиеста» деп аталатын дағды. Яғни, испандарда түскі тамақтан кейін ұйықтап, тынығып алатын дәстүр бар. Түскі 14:00 ден 17:00 аралығында испандар өзгелердің мазалағанын қаламайды. Бұл кезде дүкендер де жабылып, есіктерге «Досым, дүние табылады. Ал, мен «Сиестадамын» деп жазып қояды. Міне бұл өзгеше тұрмыс дағдылары испандардың ұзақ өмір сүруіне оң әсерін берсе керек.

Сингапур

Сингапур аналар мен балалар денсаулығын қорғауда әлемнің ең алдынғы қатарында тұрады. Әлем медицинасының ең дамыған әдістемелерін жыл сайын кіргізіп отыратын Сингапур елінде, денсаулық сақтау саласының кемелділігі ел халқының ұзақ өмір сүруіне себепкер болған.

Сингапурда орташа ұзақ жас 83,1 болып табылады. Сингапур халқының ұзақ өмір сүруіне ылғалды, өмір сүруге қолайлы климаттың да әсері мол. Ал, Сингапурға саяхаттай барған туристер ол жердегі тұтыну бұйымдарының барынша өмірге қауіпсіз етіп жасалатындығын алқайды. Азық-түліктен тартып, ас пышақтарына дейін адам өміріне қауіп тудырмау шарты бірінше кезекте қарастырылады. Бұл өнімдерде адам өміріне зәредей зиян жеткізетін кемшілік табылса, құзырлы орындардың тәркілеуіне ұшырайды.

Швейцария

Швейцарияның ерлері өзге елдердегі ер адамдарға қарағанда ұзақ жасайтыны анықталған. Еуропаның, тіпті әлемнің ең бай елі саналатын Швейцария өз азаматтарына жоғары деңгейдегі денсаулық сақтау жүйесін және жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін жасап берген.

Қолайлы тұрмыс ортасы, азаматтардың алаңсыз өмір сүруіне қызмет ететін қоғамдық жүйенің бәрі швейцариялықтарға ұзақ өмір сыйласа керек. Десе де, бұл елдегі адамдардың ұзақ өмір сүруін зерттеген ғалымдардың бір бөлімі, швейцариялықтардың сүт өнімдерін көптеп тұтынуы негізгі факторлардың бірі деп қарайды.

Швейцарияда адам күшімен істелетін жұмыстар жоқтың қасы. Барлық жұмыстар дамыған техника құралдарына жүктелген. Елдің орналасқан географиялық орны да қарт құрлықтың өмір сүруге ең бір қолайлы аумағына жайғасқан.

Аталған елдің әр жетінші азаматы миллионер. Сондықтан да олар тұрмыстың рақатын көруге көбірек уақытын бөлуге тырысады. Елдегі орташа ұзақ жас мөлшері 81 жасты көрсетеді.

Оңтүстік Корея

Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымы және Лондон Император медициналық колледжінің көрсеткен есебінде, Оңтүстік Корея 90 жастан көбірек жасаған адамдар ең көп ел саналады. Ал бұның себебі ретінде, Оңтүстік Кореяның қуатты экономикасын,  балалардың өсуі мен жетерлік тамақтануы жоғары деңгейде өтелінгендігінде. Сонымен бірге, медицинаның соңғы дамыған технологиялары жаппай қолданылып, халықтың денсаулығын қорғау сапасының, аталған салада жоғары сапалы қызмет өтеудің қалыптасуында деп қарауға болады.

“The Qazaq Times”