Ирактың Премьер-министрі Хайдер аль-Абади әскерилерді елдегі екінші ең үлкен қала саналатын Мосулдың "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының содырларынан азат етілуімен құттықтады.
"Ислам мемлекеті" Мосул қаласын 2014 жылдың маусым айында басып алған. Осыдан соң джихадшылар Ирак пен Сүрияның көп бөлігін жаулап алып, "халифат" жариялады.
Ирак әскерлері Мосул үшін күресті 2016 жылдың 17 қазанынан бастап жүргізіп келді. Соғыс өрті шарпыған қалада миллионға жуық адам баспанасынан айырылып, сәулетті ғимараттар үйінділерге айналды.
Ирак әскерінің айтулы жеңісі "Ислам мемлекеті " лаңкестік ұйымы үшін орны толмас соққы болғаны белгілі. Өйткені үлкен аумақты қол астында ұстап, біртұтас мемлекет құру идеясын жүзеге асыруда территориядан айырылу лаңкестік ұйым мүшелерін әлсіретудің бір жолы.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?