Бүгін Астанада маусымның 22-23 күндері аралығында өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы өз мәресіне жетті.
Бүгін дүниежүзі қазақтарының құрылтайы Астанада өз шымылдығын жапты. Құрылтайға елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.
Құрылтайда өте маңызды әлемдегі қазақтардың түйткілді мәселелері, этникалық қазақтардың көші-қоны жөнінде арнайы тапсырмалар жасалды және «Отандастар» қоры құрылатын болды. Құрылтайда Назарбаев бұрынғыдай емес еліміздің солтүстігінде арнайы ресми бейімдеу орталықтары жұмыс істеу керек екенін айтып, тиісті адамдарға тапсырма берді.
Құрылтай соңындағы сайлауда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы болып Нұрсұлтан Назарбаев қайта сайланды. Ал оның бірінші орынбасары болып Зауытбек Тұрысбеков тағайындалды. Осыған дейін 2004 жылдан бері бұл қызметті атқарып келген Талғат Мамашев шетелдегі қандастардың, ел ішіндегі ұлт жанашырларының сынына жиі ұшырайтын. Бұл орынға шеттегі 6 млн қазақтың мүдесін қорғап елге оралуға ат салысатын білікті маман керектігі БАҚ - да әр кез көтеріліп келген.
Дүниежүзі қазақтарының 5 құрылтайында шеттегі қазақтармен етене жұмыс жасай алады деген сеніммен Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет қайраткері, дипломат Зауытбек Тұрысбекті бірінші орынбасары етіп тағайындады.
Зауытбек Тұрысбеков бұған дейін Украина, Ресей, Молдова, Өзбекстан елдерінде төтенше және өкілетті елшісі, 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап НұрОтан партиясының хатшысы қызметін атқарған.