Футболдан Иран құрамасы Өзбекстан ұлттық құрамасын 2:0 есебімен жеңіп, 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.
Иарн құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу ойындары аясында өз алаңында Өзбекстан құрамасын қабылдап 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Иран сапында ойынның 23 минутында Ресейдің "Ростов" клубының ойыншысы Сердар Азмун есеп ашты. Ал 88 минутта Мехди Тареми есепті еселеді.
Осылайша Иран А тобында 20 ұпаймен көш бастаса, екінші орында 13 ұпаймен Оңтүстік Корея құрамасы тұр. Ал үшінші орында 12 ұпаймен Өзбекстан құрамасы келе жатыр.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы