5-6 маусым күндері Сауд Арабиясы бастаған 7 мемлекет Катармен болған дипломатиялық қатынасын үзген болатын. Көршілес және бауырлас араб елдерінің дипломатиялық қатынастарын үзгеніне байланысты Катар тұрғындары азық-түлікпен қамдаудың тоқтап қалуынан алаңдап орталық қала Дохадан жаппай азық-түлік сатып ала бастады. Бұл ел орталығындағы бірнеше үлкен супер-маркеттердің қаңырап бос қалуын келтіріп шығарды. Бұл туралы «People.com» хабарлап отыр.
Бірнеше күн бұрын Сауд Арабиясы бастап, Мысыр, БАӘ, Бахрейн, Йемен, Мальдив, Ливия қатарлы жеті араб мемлекеттері Катардан дипломатиялық қатынастарын үзді. Арап түбегінің шығысындағы Парсы шығанағындағы шағын түбекке орналасқан Катардың халық саны 2 миллион айналасында. Жер көлемі 12 мың шаршы шақырымға жетпейді. Шығысында Парсы шығанағы арқылы Иранмен су арқылы шекараласады. Оңтүстік шығысында Біріккен Араб Әмірлігі, Солтүстікте Бахрейн қатарлы шағын араб елдері бар. Ал батысы Сауд Арабиясына тіреледі. Төңірегін қоршаған бауырлас елдердің дипломатиялық қатынасын үзіп, теңіз және әуе жолдарын кесіп тастауы Катар халқын тұтынудағы тапшылыққа ұшыраудан алаңдатты.
Алайда Катар әмірлігі: «Сыртқы дипломатиялық қатынастардың үзілуі халықтың тұрмысына ықпал етуі мүмкін, алайда Катардың шекара ішіндегі халықты ұзақ мерзімге тұтынумен қамдауға шамасы әбден жетеді», – деп отыр.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес