АҚШ Қорғаныс департаменті сәрсенбі күні хабарлама жариялап, АҚШ зымыран қорғаныс жүйесінің сәтті сынақтан өткенін, Қорғаныс саласы елді күн сайын қауіпті бола бастаған Иран және Солтүстік Кореяның ядролық қауіпінен қорғай алатын болды деп хабарлады.
АҚШ зымыранға қарсы қорғаныс агенттігінің басшысы, вице-адмирал Жим Спринж берген мәліметінде, сейсенбі күні сынақтан өткізілген құрлықаралық баллистикалық зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі жоғары нәтиже көрсетті. Спринждің айтуынша бұл АҚШ-тың әзірден бастан 2020 жылға дейін жоғарыда аталған екі елден келетін барлық зымыран қауіпінен қорғай алады дегенді білдіреді. Оның ойынша бұл олардың өз қарсыластарынан артықшылығын дәлелдеп береді. Тіпті Спринж бұл сынақты бір оқтың бір оқты қағып түсіруіне теңеген.
Құны 244 млн АҚШ доллар тұратын бұл сынақ АҚШ-тың қорғаныс қабілетін арттыратыны анық. Десе де, осыдан бұрынғы кейбір сынақтардың сәтсіздіктері туралы әрі қортынды жасалған жоқ. Қазіргі кезде аталған департамент бір жыл ішінде зымыран қорғаныс ракеталарының санын 36-дан 44 данаға жеткізуді жоспарлап отыр.