Есеп комитетінің мәліметінше, "Самұрық-Қазына" қорының құрамындағы үш компанияға бюджеттен қаражат бөлінгенмен, 400 мың шаршы метрден аса тұрғын үй пайдалануға берілмеген. Бұл жөнінде республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Халида Қамбарова "Самұрық-Қазына" АҚ басшылығы мен депутаттарына арнайы жасаған мәлімдемесінде айтты.
"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2011-2012 жылдары "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасының қатысушыларын кредиттеу және жарғылық капиталын толтыру бойынша бөлінген 21 млрд теңгені игермеген. 161 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға берілмеді", - дедіі ол.
Сондай-ақ, Қамбарованың мәліметінше, "Қазақстанның ипотекалық компаниясы" аумағы 176 мың шаршы метрді құрайтын 26,3 млрд теңгенің тұрғын үйлердің құрылысын қамтамасыз ете алмаған. Ал "Бәйтерек Development" жалпы аумағы 79 мың шаршы метр болатын "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша салынуы тиіс тұрғын үйлерді пайдалануға бермеген.
Сондай-ақ, Халида Камбарова мемлекеттік мүлік және жекешелендіру тарапынан мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігіне қатысты мониторинг пен бақылаудың аз екенін атап өтті. Тіпті кейбір квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерді басқару деңгейі төмен. Ал осы салаға бөлінетін бюджеттік қаражаттың игерілмей қалғаны жөнінде жағдайлар өте көп.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес