Қазақстандағы «Bank RBK» АҚ мен «Qazaq Banki» АҚ акционерлері қаржы институттарын біріктіру туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Алдағы уақытта екі банктің өкілдері арасында бірігудің негізі болатын өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылады. Құжаттардың негізгі қосымшасы Ұлттық банкпен бекітілді, деп хабарлады Bank RBK-ның баспасөз қызметі.
Хабарламада айтылғандай, банктер біріктірілгеннен кейін Bank RBK деген атауға ие болады. Бірігу жұмыстары кезең кезеңімен жүргізіледі және жаңа құрылымды бақылауды Владимир Ким қолға алуы мүмкін.