Францияда өткен Президент сайлауы нәтижесінде кандидат-центрист Эммануэль Макрон 66,06% дауыспен жеңіске жетті. Ал оның қарсыласы Марин Ле Пен бар болғаны 33,94% дауысқа ие болды. 

ВВС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сайлау дауысын санау нәтижесінде бос және бүлінген, сайлаушылардың таңдауы жазылмаған бюллетендер көп болған.

Осылайша 39 жастағы Макрон әлемдегі ең жас Президент атанды және мемлекеттің Ішкі істер министрлігі Макронның жеңімпаз екенін ресми түрде мәлімдеді.

Макронның штабы дауыстарды санау аяқталмай жатып жеңісті атап өтуді бастап кеткен. Кандидат Ангела Меркель, Тереза Мэй, Дональд Трамптың және Канада премьері Джастин Трюдоның құттықтауын қабыл алды.

Ал Кремль әзірге Францияның жаңа Президентіне құттықтау жолдай қойған жоқ. Себебі сайлау өтпес бұрын, 24 сәуірде Ресей Президенті Владимир Путин Макронның қарсыласы  Марин Ле Пенмен кездескен болатын.

“The Qazaq Times”