Шеруге шыққан наразы топ Венесуэланың бұрынғы басшысы Уго Чавестің ескерткішін бұзып тастады деп хабарлайды Nacional басылымы.
Nacional басылымының мәлімеиінше ереуілшілер Венесуэланың Вилья-дель-Росарио қаласының орталық алаңында орналасқан Уго Чавес ескерткішін бірінші өртеп, артынан құлатып тастаған.
Венесуэлада наразылық шаралары жоғары соттың "Ұлттық ассамблея" оппозициялық партиясының билігін шектеу жөніндегі шешімінен кейін басталған болатын.
Бірақ халық көшеге шығып кеткеннен кейін Венесуэла жоғарғы соты бұл шешіміннің күшін жойған. Алайда оппозиция жақтстары жоғары соттың отставкаға кетуін және мерзімінен бұрын сайлау өткізу керектігін айтып ереуілді тоқтатпауда.
Қазіргі таңда шеруге шыққан халық пен полиция қақтығысы салдарынан қырыққа жуық адам көз жұмған.
“The Qazaq Times”