بەلگىلى قوعام جقوعامەملەكەجانەيراتكمەملەكەتساتكەر باقايراتكەرىمباەۆ قۇرىلتساياساتكەر، سايلاۋ جبالتاشيلاۋعا تۇرسىمباەۆەزيدەنتتىككقۇرىلتايرلەر تۋراتۋرالىمەن بولىسايلاۋ
بالتاش تۇرسىمتۇرسىمباەۆامەنت سايلاۋپارلامەنت دە قاتىساسايلاۋىناەشكىمدەقاتىساالمايدى
جاڭالىقتار ءبولىمى
پىكىر قالدىقالدىرۋ (2)
Ұрысұлтанға құн жоқ, Ұрысұлтанға құн болса - қазақ бейшараға күн жоқ!
ҚАЗАҚ ҰЛТЫНА ҮНДЕУ!
Кезектен тыс президент сайлауына белсенді қарсылықты жақтаушылардың
Үндеуі
Қазіргі кезектен тыс президент сайлауы назарбаевтық - отбасылық билікті түбегейлі орнықтыру – Қ.Тоқаевты легитимді президент жасап, кейін сенат төрағасы Д.Назарбаеваны сол заңды орынға әкелу үшін өткізіліп жатыр.
Қазақстанда президенттік билік сыбайлас жемқорлық, отбасылық мүддені жоғары санаушылық, билікті жеке адамның иеленушілігі, демократияны, еркіндікті тежеуші, қазба байлықты ысырап етуші, халықты несібесінен айырушы ретінде жағымсыз жағынан көрінді. Президенттік билік қоғамның дамуына, адамдардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына толық мүмкіндік бермеді. Мемлекеттің тәуелсіздігіне қатер төндіретін келеңсіздіктер орын алды. Сондықтан қоғамда президенттік биліктен бас тарту, парламенттік-үкіметтік басқару жүйесіне көшу мәселесі күн тәртібіне қойылған бүгінгі таңда президент сайлауына үміткер қосып қатысу – кері кетушілік.
Отбасылық-монархиялық биліктің орнығуына және өзін ақтамаған залалды президенттік басқаруды жалғастыруға біз қарсымыз! Сайлауға бойкот жариялаудың басты себептерінің бірі осылар. Президенттік билікті қаламасақ, президент сайлауын әрі оған ұсынылған үміткерлерді қалайша қолдаймыз?! Назарбаевтық үлгідегі президенттік басқару жүйесін сақтайтын сайлауға үгіттеу -халықты алдау.
Сан рет алданған халық дауыс беруге бармайтын жағдайға жетті. Президент әкімшілігі оппозиция, халық атынан бір үміткерді додаға қосып, сайлауға жұртты қызықтырды. Мұндай арамза сайлауға үзілді-кесілді қарсылық білдіру, келіспеу керек!
Сайлау туралы заңдағы үміткерге қойылған мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жылдық жұмыс тәжірибесі болсын деген талап азаматтардың сайлану құқығын - конституциялық құқығын шектейді; “кезектен тыс” сайлау өткізу нағыз қарсыластың шығуына және оның дайындық жасауына мүмкіндік бермейді, Қ.Тоқаевтың мемлекеттік тіл сынағынан өткені күмәнді; үміткерлердің қысқа мерзімде 118 мыңдық қол жинауы дайын командасы жоқ партиялар, қоғамдық бірлестік үшін мүмкін емес нәрсе; сайлау комиссияларының құрамында барлық партиялардың шынайы өкілдері жоқ, орталық сайлау комиссиясын Назарбаевтардың құдасының басқаруы сыбайластық ретінде сенімсіздік туғызады. Мұндай сайлау әділ, таза өтпейді.
Белсенді бойкот кезінде Сайлау туралы заңдағы азаматтардың конституциялық құқықтарын шектейтін, тұңғыш президентке артықшылық беретін баптарды алдырып тастауды, бейбіт заманда кезектен тыс президент сайлауын өткізуге мүлде тиым салуды, сайлаушылардың кемінде тең жартысынан астамы қатысқан жағдайда ғана сайлау өтті деп саналатын талапты Сайлау туралы заңға қосуды, сайлау комиссияларын тұтастай жаңартуды, оның басшылығына биліктегілермен, үміткерлермен туыстық, құдалық жақындығы бар адамдарды жолатпауды талап етеміз!
Белсенді бойкотты іске асырудың жолдары. Дәл дауыс беретін күні сайлау учаскесіне барып, үміткерлер тізімі көрсетілген парақшаға үйден апарған қаламмен бадырайтып тұрып “бойкот” сөзін жазып, оны суретке түсіріп алған соң ұрнаға салуға болады. Немесе белгіленген учаскеге өзге наразы адамдармен бір мезгілде жиналып, есігінен арыға аттамай, дауыс беруден бас тартатынын комиссия төрағасына, бақылаушылар мен БАҚ өкілдеріне жария түрде мәлімдейді. Әркім өз таңдауын жасайды. Қалаған үміткеріңізге дауыс беру де өз ықтиярыңызда. Үйде жатып алмай
әркім өз қарсылығын білдіргені жөн. 6-7 миллион сайлаушы учаскелерге барып, солай істесе, билікке наразылар сайлауға белсенді қарсылық келтірсе, немесе өз үміткеріне дауыс берсе авторитарлық отбасылық жүйені жеңуге болады.
Бойкот- бұл ең алдымен саяси талап. Билік өз дегенін істейді. Үміткеріңізге берген дауысыңызды өз адамына қосып есептесе, ұрлық жасаса, барлығын қадағалай алмайсыз. Басқа да әккі тәсілдерін қолданады. Үміткеріңізді өткізбейтінін біліп тұрып және оның жеңіс үшін жанын салмағанын, билікпен ымыраласқанын көріп тұрып, сайлау қорытындысына наразылық келтіріп, өзіне сенім білдірген халықты күреске бастарына сенбей тұрып, оған дауыс бергеннен не ұтасыз? Мұны да ойлаңыз. Белсенді бойкот- белсенді қарсылық сайлауларды арамза биліктің өз қалауымен өткізуіне халықтың көнбейтіндігін көрсетеді, үлкен соққы жасайды.
Халықтық қарсылықтан шығатын нәтиже. Біріншіден, сайлауда алданбағаныңыз үшін арыңыздың тазалығы сақталады, екіншіден, ұрлықтың жолын кесесіз - “бойкот” деп жазылған парақшалар жарамсыз болып саналады, үйіліп жатады, көзге түседі, жасыра алмайды, саны анықталады; үшіншіден, халық биліктің сайқымазақ ойынына өз қарсылығын танытады және оны алдағы уақытта қайталатпайтындай талаптар қояды. Ең маңыздысы - сан жағынан өте аз сайлаушы қатысқан сайлау қоғамдық санада легитимді деп саналмайды. Осындай жағдайда сайланған билік үміткері жаппай халық қолдаған президент деп танылмайды. Ал бұл ол үшін ащы сабақ, халықтың алдында осалдығын мойындамасқа амалы қалмайды. Халық, өз кезегінде, алдануға көнбейтін өр мінезін табады, билікті өзімен санастыруға мәжбүрлейді. Моральдық жеңіс әрі басымдық ХАЛЫҚ жағында болады. БЕЛСЕНДІ БОЙКОТТЫ жақтаңыз!
Қазіргі басқару жүйесіне қарсы сайлаушылар Ә.Қосановты қолдау арқылы да іріп-шіріген билікке наразы екенін танытады. Біздің
бәріміздің мақсатымыз бір, тек күрес тәсілдеріміз басқаша. Біз көңіл төріндегі қиял жетегіне ермейміз, нақтылы жағдайға қарай пәрменді әрекет етеміз. Сайлаудың таза өтуін, дауыс берудің санау кезінде бұрмаланбауын бірлесе қадағалап, биліктің қараулығына жол бермейік! Сайлау нәтижесі қанағаттандырмаған жағдайда, президенттікке үміткер және оның жақтаушылары наразылық митингісін ұйымдастыратын болса, біз қолдаймыз және көмек көрсетеміз.
ХАЛЫҚ - ҰЛЫ КҮШ! БІЗ ЖЕҢЕМІЗ!
ХАЛЫҚ ҚҰРЫЛТАЙЫНДА қабылданған шешімге сәйкес, белсенді бойкот өткізуді жақтаушылар атынан :
Балташ Тұрсынбаев, Рысбек Сәрсенбай, Серікбай Әлібаев, Ержан Тұрғымбаев, Қуаныш Мұқтай, Жарылқап Қалыбай, Сайлау Ағыбаев, Мамырбай Орыс, Ахат Қапар, Дулат Ақәділ, Серік Жәби, Жанат Нұркешов және басқа да белсенділер.


















رەسپۋبليكاشىلدار يمميگراتسيالىق وپيمميگراتسيالىقا الدى، بىراق وپەراتسيانىىق ايىپتاۋدسىنعارتىندىالدىبىراقترامپتىاشىقايىپتاۋدانتارتىندى
ۇكىم وزگەوزگەرمەدىملەكەتتىك تمەملەكەتتىك— تورت جىل تءتىلدىڭە؟قۇنى—ءتورتجىلتۇرمەمە؟
يرانداعى قانتوگىسقانتوگىستقى قىسىمپەنرامپسىرتقىىۇشتى سقىسىمىترامپتىڭەكىۇشتىسيگنالى
كونستيتۋتسيا تاعى وزگەرمتاعىرەفوروزگەرمەكلدە بيلىكترەفورما قۇراستىما ما؟الدەبيلىكتىقايتاقۇراستىرۋما؟
اتىراۋداعى جۇمباق جوعجۇمباقن ادام جوعالۋ ىز-تۇزمەن ارتادامن وتبءولىمىپوليتسياءىزەرگءتۇزسىزنە قوعاارتىلعانياسىوتباسىپوليتسياتەرگەۋىجانەقوعامرەاكتسياسى