Оралхан Бөкей шығармалары парсы тілді оқырманға жол тартты. Қаламгердің «Бес тиын» әңгімесі Айнаш Қасымның аудармасымен Иранның әдебиет сүйер қауымына ұсынылды.
Оралхан шығармалары бұған дейін де бірнеше шет тілдерге аударылғаны белгілі. Ал, парсы тілді оқырмандармен алғашқы жүздесуі деуге болады. Айнаш Қасым алдағы уақытта жазушының «Қасқыр ұлыған түнде» атты шығармасы Ирандық әдеби басылымдарға жарияланбақ.
Шын мәнісінде, бұған дейін де қазақ қаламгерлерінің шығармалары парсы тіліне өте сирек аударылған. Ұлы Абай мен заңғар М.Әуезовтың шығармалары, сондай-ақ, Н. Келімбетовтың бір шығармасы ғана парсы тілді оқырманға жеткен. Оның өзінде орыс тілінен аударылған. Сондықтан да, парсы тілді оқырмандар қазіргі қазақ әдебиетінің тыныс тіршілігінен бейхабар.
Осындай тұста Айнаш Қасым бастаған аудармашылардың екі халықтың әдеби алмасуына еңбек етіп жатқаны көңілге үміт ұялатады.