М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының репертуары жаңа қойылыммен толықты. Жаңа қойылым көрнекті жазушы-драматург Оралхан Бөкейдің «Қар қызы»повесінің желісімен қойылған. Қойылым режиссері – Жұлдызбек Жұманбай.
Қойылым пермьерасына дейін БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихаты өткізілді. Театр директоры Сәбит Әбдіхалықов сөзінде: «Биыл төртінші үлкен премьера көрерменге жол тартып отыр. Қаңтарда «Сүйікті менің ағатайым» премьерасымен бастағанбыз, одан кейін «Қобыланды», «Аттила» премьералары болды. Сонымен қатар, көрермендердің сұрауы бойынша «Бес бойдаққа бір той» қойылымын қайта шығардық, ондағы әртістер құрамы толықтай өзгерді. Сонымен қатар, «Мұқағалимен сырласу» поэтикалық композициясы да көрерменге жол тартты. Биыл үш халықаралық фестивальге қатыстық. Дағыстанда өткен халықаралық фестивальде «Сүйікті менің ағатайым» бас жүлдеге ие болды», – деді.
Қойылымның шығармашылық құрамы:
Қоюшы-режиссер – Жұлдызбек Жұманбай
Режиссердың ассистенты – Куаныш Беисагалиев
Қоюшы-суретші – Алтынай Жүсіпәлі
Балетмейстер – Карина Джиренбаева
Режиссердың көмекшісі – Сумбат Гениярова.
«Қар қызы» қойылымының сипаттамасы: Спектакль көрнекті жазушы-драматург О.Бөкейдің «Қар қызы» повесінің сахналық нұсқасы бойынша қойылды. Қыс ортасында мал азығы таусылып, трактормен алыстан шөп әкелуге шыққан үш жас жігіт ақ қар, көк мұзды тау арасында жолдан адасады. Айнала аппақ әлем, үскірік аяз. Үсіп өлу қаупі туған кейіпкерлер үшін өмір мен өлімнің арпалысы басталып, олардың шынайы болмыстары да ашыла түседі. Осы бір қиын сапардың басында олар Қоңқайға, ал, соңында «...Қоңқай зәлім жеңбесін деп Айыртауда отырған..» Сиыршы шалға жолығуы бекер емес. Әлемде жамандық жайлап кетпеуі үшін оған жақсылық қарсы тұрады. Өмірдің ұлы тепе-теңдік заңдарының бірі осы болса керек...


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі