Бүгін, 21 қаңтар кеште, Димаш Құдайбергеновтың "Ge shou" (Әнші) тележобасындағы түсірілімі қытайлық телеарналарда таратылысымен, күллі қытай жұртшылығын дүр сілкіндірді.
"The Qazaq Times" сайтында таныстырылып өткен, Қытайдағы "Әнші" жобасына қатысып жатқан жерлесіміз, алғашқы телетүсірілімі таратылысымен, күллі қытай жұртшылығының күшті аңысын қозғап, бір кеште миллиардқа танымал жұлдызға айналды. Қытайдың ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерінің ең басты тақырыбы Димаш Құдайбергеновтың ғажап дауысы болды.
Қытай әлеуметтік желілеріндегі Димашқа таңқала алқаған пікірлерді тауысып айту мүмкін емес, мысал ретінде Ли Жяншы атты қытайлықтың әлеуметтік желі парақшасындағы мына бір пікірін бере кетейік:
"Қытай биыл, "Әнші" тележобасын жасап, Қазақстаннан Димаш деген әншіні алдырды да, біздің "мен" деген өнерпаздарымыздың "караоке әншілері" екенін байқатып алдық. Олар енді караокеден шыға алмастай болды, олардың көңіліне өшпес дақ түсті".
Бұдан басқа "Димаштың қасында біздікілер тойдың әншісі екен ғой" деген пікірлерді де көрзіміз шалды. Тіл, көзден сақтасын! Әр қадамың сәтті болғай! Жарайсың Димаш!
"The Qazaq Times"