Қазақ музкасына, атадан қалған әсем әуенге кейіннен келіп қосылған сырлы әндердің бір саласы – көше әндері. Бүгін біз талантты әнші Мұратбек Сарбасовтың орындауындағы Шофер әнін ұсынып отырмыз.
Келемiн сен деп алыстан аңсап,
Тұршы күлiмдеп жолыма қарап.
Жолдың азабын тарттым мен талай,
Сүйген жарыма жетем мен қалай.
Жүрегiм менiң дүрсiл дейдi,
Алға тартқан мотордай.
А-а-ай,
Е-е-ей ,
Жұлдыз қандай, ай қандай,
Шофер сүйген қыз қандай?!
Жұлдыз қандай, ай қандай,
Шофер сүйген қыз қандай?!
Әуеде ұшқан бiр топ тырналар,
Қанатты қағып табыт қағындар.
Қаратып соны жерде мен тұрмын,
Сүйген жарыма сәлем айта бар.
Жүрегiм менiң дүрсiлдейдi,
Алға тартқан мотордай,
А-а-ай,
Е-е-ей,
Жұлдыз қандай, ай қандай,
Шофер сүйген қыз қандай?!
Жұлдыз қандай, ай қандай,
Шофер сүйген қыз қандай?!
Шаңдатып жолмен ұшып келемiн,
Қиялдап сенi құшып келемiн.
От болып жанып күймесiн десең,
Басына жаным шықшы төбенiң.
Жүрегiм менiң дүрсiл дейдi,
Алға тартқан мотордай.
А-а-ай,
Е-е-ей,
Жұлдыз қандай, ай қандай,
Шофер сүйген қыз қандай?!
Жұлдыз қандай, ай қандай,
Шофер сүйген қыз қандай?!

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес