Қараша айының 20-сы күні Алмазбек Атамбаев Қырғызстан президенті ретінде қорытынды баспасөз мәслихатын өткізуде.
Бүгін Бішкек қаласында орналасқан президент резиденциясында Алмазбек Атамбаев журналистер сұрақтарына жауап беруде. Ол онда Қазақстанмен арадағы қарым-қатынас жайында: «Астанамен арадағы жағдайға байланысты барлығы шешілуде. Бірақ мен дұрыс істедім деп ойлаймын. Бұның барлығы болашақ та сабақ болады. Алдағы уақытта өтетін президент, парламант сайлауларында ешкім біздің ішкі саясатымызға араласпайтын болады. 2010 жылы Қазақстан Ұлттық Қауіпсіздің Қызметінің кеңесшісі парламентте ақша таратып жүргені әлі есімде. Осыдан кейін біз оған ел аумағына кіруге тыйым салдық. Сол уақытта Роза Отунбаева маған барып келіссөз жүргізу керек деді. Бірақ мен екі күнге суды жауып тастадым. Осыдан кейін мәселенің барлығы өздігінен шешілді. Мен жақында досым Владимир Путинмен сөйлестім. Бізге бұның барлығы не үшін керек екендігін түсіндірдім. Біздің ел болғанымызға 2,5 мың жыл. Соңғы алты жылда біз екі рет қоршауда қалдық. Бізге электр энергиясымен қалай жасады, біз де оларға солай жасаймыз. Бұл жерде айкидодағыдай сені тебеді, жауап ретінде сенде оны тебесің» - деген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Қырғызстан президент әкімшідігі Алмазбек Атамбаев соңғы баспасөз мәслихатын қараша айының 15-сі күні өткізеді деген ақпарат таратқан. Бірақ кейінен ол қараша айының 20-сы күніне шегерілген.