Қазақстан Иранмен сауда-экономикалық қарым-қатынасын одан ары дамытуға мүдделі.
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова Иранның Қазақстандағы елшісі Моджтаба Дамирчилумен кездесті. Кездесу барысында Әбдіхалықова ханым: «Біз Иранмен сауда-экономикалық қарым-қатынасты одан ары дамытуға мүдделіміз. 2018 жылдың қаңтар және мамыр айлары аралығындағы тауар айналымы 251,4 миллион долларды құрады. Бұл былтырғы жылдың дәл осы мерзімімен салыстырғанда 47,7 пайызға көп» - деп мәлімдеген.
Естеріңізге салайық, тамыз айының 7-інен бастап АҚШ-тың Иранға салған санкциялары күшіне енген. Бұл жолғы санкциялар тізіміне Иранның кілем өндірісінен бастап, қарапайым ұшақ бөлшектерін импорттауына дейінгі аралықтағы дүниелер енген.
Жалпы, АҚШ-тың Ресей мен Иранға салған санкцияларының Қазақстанға қаншалықты әсер ететіндігі әзірге белгісіз. Бірақ сарапшылар пікірінше, АҚШ санкцияларының Қазақстан экономикасына тікелей әсері болмаса да, жанама әсері міндетті түрде болады. Себебі Қазақстан сауда-экономикалық тұрғыда жоғарыда аталған екі мемлекетпен де тығыз байланыс орнатқан.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?