Қазақстанның ауыл шаруашылығы әлемде ең ірі ақ бидай мен ұн экспортерлері қатарындаМиллиардтан астам пут бидайды Ресей мен Украинадан комбайнер мен тракторшы шақырмай , студенттерді сабақтан босатпай , оқушылардың оқуын бөлмей, өзім дегенде өгіздей күшім бар дегендей жеке меншікшіл ықыласпен төкпей шашпай жинап жатыр.

Бұрынғыдай бидайдың қар астында қалуы өте сирек. Ендігі мақсат: мал бордақылау агрокешендерін көбейту керек. Сонда экономикамыздың бір маңызды саласы диверсификация жолына түседі. Жерді жеке меншікке беру фермерлер табының пайда болуына әкеледі. Сол тап негізінде ауылдағы ортаң қол табы қалыптасуы керек. Фермерлер көп жұмысты өздері тындырып , қаладан жалдамалы жұмысшыларды , мәселен, өзбектерді жалдайды.

Жерді жеке меншікке сату құқығын фермерге бермесек ауыл шаруашылығы, банк секторы кенжелейді. Қазақтың әлеуетті бай болуы бүкіл Қазақстанға жақсы. Қазақтың аз дегенде 40-43 % ауылда отыр. Келесі 20-25 жылда ауылда 10-15% қалып, қазақ негізінен қала жұртшылығына айналады. Ал қазақ фермерлерінің жалшысы шетел өзбектері мен тәжіктері болады. Әзірше ауыл тағдыры құрдымға кеткен жоқ. Жеке меншікке жерді алған фермерге әкімшілік жүйе пәлендей тиісе алмайды.

Барлық фермерлердің 80%-ы қазақтар.Сонда біз қазақтың жерін қазаққа жеке меншікке беруге қимайды екенбіз. Ірі латифундиялар шектелуі керек.Өкімет жер латифундистерін шектеймін деп отыр. Ол жөн .Шектелгеннен кейін жердің бір бөлігі қайтадан фермерлердің иелігіне түседі. Бізде жер латифундистер, яғни агроиндустриалдық кәсіпорындар қолында.Солардың қолындағы біраз жерін фермерлерге қайтармақ. Өкінішке орай, латифундистердің де біраз бөлігі Ресейге қатысты болып отыр. Қазақстанның жері шетелдіктердің иелігіне берілмеу керек.

Жер нарықтық құрал. Жер сату - сатып алу құқығына ие болмай және кепілдікке берілмей бізде ауыл шаруашылығы көтерілмейді. Фермерлер қарызға батпай жерді кепілдік мүлік ретінде банкілерге қалтырып, сол қаржыға трактор, комбайын, жүк автомобильдерін алады. Егерде қарызды қайтара алмаса жер банктер меншігінде қалады, ал өзі жүре береді. Егерде жер жеке меншікке берілмесе ауыл қазақтары ауылда тұрақтана алмай, пролетарланып, меншіксіз тобыр айналады да және мүлде кепілге жарайтын мүліксіз қалады.Бұл жағдайлар фантазия емес әлемдік нарық заңдылығы.

Бізде Ресей көптеген жерді арендада әлі ұстап отыр. Ал әскери полигондар мен космодром аумағы Ресей қолында оларды қалпына келтіріп , фермерлерге беру керек. Сол жерлерді жедел қайтару мақсаты маңызды. Жер иелігі мәселесі Қытай колонизациясына қатысты. Индонезияда, Вьетнамда, Малазияда, Камбоджада көптеген жанжалдар қытай диаспорасының тудырған кикілжің әскери қақтығыстарға дейін апарды. Сол сияқты Өзбекстан шекарасында жер мәселесіне қатаңдық көрсеткен дұрыс. Өзбекстаннан тек қазақтарға иммиграциялық дәліз жол ашып, өзбек иммиграциясын толық шектеген жөн, тек транзиттік мигранттарға жол берген орынды.

Әзімбай Ғали

“The Qazaq Times”