Жақында Ұлы Британияның YouGov компаниясы Батыстағы тоғыз мемлекетте (АҚШ-ты қамтыған) арнаулы сауалнама жүргізген болатын. Сауаланам натижесінде көптеген батыстық азаматтар әлемді Үшінші дүние жүзілік соғыс қаупінде тұр деп санаған.
Ресейлік «Informing» ақпараттық сайты да сауалнама натижесін ашып көрсетті. Сауалнама натижесі бойынша америкалықтардың басым көбі Үшінші дүние соғысы туылмай қоймайды деп санайтыны белгілі болған. Респонденттердің 64 пайызы әлемнің ірі қарулы қақтығыс алдында тұрғанын айтады. Сауалнамаға қатысқандардың 15 пайызы ғана қарама-қарсы пікірді жақтаған. Әлем соғыс қаупінде тұр дейтін тұлғалар оның себебін террорлық шабуылдар және Сирия, Орта Шығыстағы қарулы қақтығыстар келтіріп шығарады деп көрсеткен. Ұлы Британияда бұл көрсеткіш 61 пайыз бен оған қарсы 19 пайызды көрсетеді.
YouGov компаниясының саясат және қоғамдық мәселелер жөніндегі жауапты меңгерушісінің айтуынша, франциялықтар мен АҚШ азаматтарының дүние соғыс қаупіне қаратқан көзқарастары мен соғыстың туылуына көрсеткен себептері де бірдей емес. Оның айтуынша армерикалықтарды Үшінші әлем соғысынан гөрі енді ғана таққа отырған Трамптың саясаты тұрақсыздыққа алып барама деген мәселе алаңдатады. Ал франциялықтар лаңкестік шабуылдан көбірек қорқады, 81 пайыз респонденттер Францияда жақын арада жаңа лаңкестік шабуылдар болады деп санайды.
Ресейдегі тәуелсіз «Левада» әлеуметтану орталығы өткен жылы 31 қазанда сауалнама нәтижесін жариялаған. Ресейліктердің жартысынан көбі Ресей мен Батыс елдері арасындағы қарым-қатынастардың нашарлауы Үшінші әлем соғысын тудырады деп алаңдайды. Ал 48 % респондент бұл соғыс қаупін халықаралық қайшылықтардан келіп шығады деп санайды.
Бұл бейбітшілік пен тұрақтылықты ауыз жаппай насихатайтын батыстықтардың әлем тыныштығына деген сенімдерінің көрсетіп тұр. Барлығымыз білітіндей, егер де дүние соғысы үшінші рет туылар болса, ол ядролық соғысқа ұласпай қоймайды. Ядролық соғыыс болады екен адамзат өркениетінің сақталып қалуын бұлай қойып, жер бетінде өмір сүруінің өзі қиынға соғады. Ауыр экологиялық апаттар да келіп шығары даусыз. Соағыс арқылы адамзат «Құдайдың қарғысын» өз қолымен жасамасына кім кепіл ?!
“The Qazaq Times”