Өткен аптаның соңында еліміз астасында Еуразия астаналары қаламгерлерінің форумы өтті. Форумға Еуразияның 20-дан астам елінен әдебиет өкілдері жиналды. Әдеби форумда әдебиет пен сөз өнерінің өткені мен бүгіні, келешегі талқыланды.
Аталған форум осы жаздың ең үлкен әдеби жаңалығы ретінде бағалануда. Әдеби шараның пленаралық мәжілісіне ҚР мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова, елордамыздың әкімі Алтай Көлгінов, президент кеңесшісі Мақсат Сқақов қатарлы ресми тұлғаларда қатысқан.
Форум проза, поэзия, драматургия сынды әдебиеттің негізгі салаларына қарай бірнеше секцияларға бөлініп өткізілген. Әр, елден келген қаламгерлер ашық пікірсайысқа түсіп, әдебиет болашағы туралы құнды ойларын ортаға салған.
Сондай-ақ, форум барысында шетелдік жазушылар мен еліміздегі әдеби бірлестіктер, баспалар арасында меморандумдарға қол жеткізген. Айталық, Қазақстан Жазушылар одағының астаналық филиалы және «Фолиант» баспасы испаниялық ақын Хусто Хорхемен үшжақты меморандумға қол қойып, Абайдың 100 өлеңін испан тіліне аударуға келіскен. Бұдан тыс бірқатар шетелдік ақын-жазушылар Қазақстандағы әдеби сыйлықтармен марапатталған.