«Қанатыңды кең серпі!» Бұл тіркес – 28-бүкіләлемдік қысқы Универсиада-2017 сайысының ұраны болды. Биылғы елімізде өткен он күндік студенттік ойындар Қазақстан үшін жеңісті де жемісті болды. Әрбір қатысушы үшін қазақстандықтар тақымын қысып, қолдап отырды. 3000 ерікті жұмылдырылған бұл ойындарға одан бөлек 270.000 жалпы көрермен, 50.000 эстафетаны қолдаушылар, 20.000 ашылу мен жабылу салтанатының қонақтары келді. «Табаған» (фристайл), «Алатау» (шаңғы, биатлон), «Сұңқар» (трамплин), «Шымбұлақ», Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы, «Медеу» мұз айдыны (конькимен сырғанау), Атлетика алаңы, Халық-Арена және Алматы-Аренада өткен 12 спорт түрінен 56 елдің 1600-ден астам спортшы додаға түскен және сарапқа салынған медальдардың саны –85. Қазақстан атынан 171 спортшы қатысса, жалпы есепте бірінші орынға тұрақтаған Ресейдің 215 ойыншысы сынға түскен. Сондай-ақ, Алматы қаласында осы қысқы Универсиада қарсаңында 180 спорттық іс-шара өтті.
Универсиада–2017 Қазақстан үшін ең жоғары нәтижемен аяқталды деуге толық негіз бар. Ел қоржынында: 36 медаль – 11 алтын, 8 күміс, 17 қола. Қазақстан командалық есепте Ресейден кейінгі екінші орынға табан тіреді.
Назарларыңызға жүлдегерлердің тізімін ұсынамыз:
«Алтын» медаль иегерлері
Алина Райкова (жеке жарыс,15 километр);
Галина Вишневская (спринт, 7,5 километр);
Галина вишневска (масс-старт, 12,5 километр).
Анна Шевченко мен Олжас Климин (спринт, командалық сайыс).
Мәнерлеп сырғанау:
Денис Тен (ерлер арасындағы еркін бағдарлама).
Фристайл:
Дмитрий Рейхард (могул);
Юлия галышева (паралелді могул);
Дмитрий Рейхард (паралелді могул);
Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек (акробатика, командалық сайыс).
«Күміс» жүлдегерлер
Биатлон:
Галина Вишневска (жеке жарыс, 15 километр);
Роман Еремин (масс-старт, 15 километр;
Галина Вишневска, Дарбя Усанова, Василий Подкорытов пен Антон Пантов (аралас эстафета).
Шаңғы ойындары:
Анна Шевченко, Ольга Мандрика мен Ирина Быкова (эстафета)
Сергей Малышев, Виталий Пухкало, Ринат Мухин мен Олжас Климин (командалық эстафета).
Фристайл:
Жибек Арапбаева (акробатика).
Шорт-трек:
Абзал Ажығалиев (500 метр).
Хоккей:
Қазақстанның ерлер құрамасы.
«Қола» жүлде иегерлері:
Биатлон:
Роман Еремин (спринт, 10 километр);
Антон Пантов (масс-старт, 15 километр).
Конькимен жарыс:
Екатрина Айдарова (1500 метр);
Екатрина Айдарова (1000 метр)
Шаңғымен жарыс:
Анна Шевченко (жеке жарыс, 5 километр);
Анна Шевченко (5 километр);
Анна Стоян (спринт);
Анна Шевченко (масс-старт, 15 километр);
Сергей Малышев (масс-старт, 3 километр).
Фристайл:
Жанбота Алдабергенова (акробатика);
Павел Колмаков (могул);
Павел Колмаков (параллелді могул).
Шорт-трек:
Нұрберген Жұмағазиве (1500 метр);
Денис Никиша (500 метр);
Денис Никиша (1000 метр);
Қазақстанның әйелдер құрамасы (эстафета);
Қазақстанның ерлер құрамасы (эстафета).
Осындай нәтижемен спортшыларымыз елдің абыройын асқақтатып, рухын бір көтерді.
Кеше, 8 ақпан күні 10 күнге созылған 28-бүкіләлемдік Универсиада-2017 студенттік сайыстың жабылу салтанаты өтті. Оған ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев, Халықаралық студенттік спорт федерациясының президенті Олег Матыцин, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек және FISU жалауын салтанатты түрде қабылдап алу үшін Красноярск қаласының мэрі Эдхам Акбулатов қатысты. Яғни, Универсиада-2019 ендігі кезекте Красноярск қаласында өтеді.
ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жабылу салтанатында былай деді:
«Қадірлі спорт сүйер қауым! Құрметті Матыцин мырза!
Мыңжылдық тарихы бар Алматы екі апта бойы әлемнің спорт сүйер қауымының көз тартар орталығына айналды. Осы уақыт ішінде әлем Қазақстанды, Қазақстан әлемді жаңаша қырынан таныды. Халықаралық қауымдастық халқымыздың тамыры терең мәдениеті мен қанына біткен қонақжайлығын, үздіксіз даму мен әлемдік бәсекелегі қайратын сезді. Алматы Универсиадасы – әлем спортының тарихына өзіндік ізін қалдырды. Дүбірлі доданың саланатты ашылу рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Спорт – бейбітшілік пен татулықтың, ынтымақтастық пен тілектестіктің символы. Жер жаһан көз тіккен бұл Универсиада – нағыз жастық жігердің аламаны, жарқын жеңістердің бастауы, болашақ Олимпиада чемпиондарының мектебі», – деген болатын. Расымен де, халық пен халықты, тілегі бір, мақсаты бір жастарды біріктірген Универсиада ең әуелі – шуақты бас қосу».
Иә, 2017 жылғы дүниежүзілік Универсиаданың тұмары ретінде сұңқар алынған еді. Себебі, ол жеңілдік пен жылдамдықты, күш-қуат пен жеңіске деген құлшынысты бейнелейді. Бұл тұмар – Қазақстанның тұмары болғандай. Расымен, «Олимпиада ойындарының мектебінен» өткен, осы додада жүлдегер атанғаны да, қатысқаны да, жалпы әрбір спортшы болашақта елдің намысын нардай көтеретініне, дүниежүзілік Олимпиада ойындарында жұлдыздары жарқырайтынына сеніміміз мол. Алға, Қазақстан! Рахмет, Универсиада! Енді біз Олимпиаданы өткізуге дайынбыз!
«The Qazaq Times»