Универсиада. Қос қазақ спортшысы алтын медал еншіледі

Алматыда өтіп жақтан Универсиадада бүгін қос қазақ спортшысы – Жанбота Алдабергенова мен Бағылан Іңкәрбек алтын медалға қол жеткізді.

Олар фристайлден командалық жарыста бақ сынаған болатын. Ол соңғы шешуші сында қытайлық екі команданың алдын орап кетті. Олар 167.05 баллмен жоғары нәтиже көрсетті. Осылайша, Қазақстан спортшылары 8 медал еншіледі. Оның екеуі – алтын. Бүгін ғана алғашқы алтын алған спортшы туралы айтқан едік. Жерлестерімізге тек жеңіс тілейміз!

“The Qazaq Times”

Ұқсас жазбалар