Галина Вишневская екінші «алтынына» қол жеткізді
Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская 28-бүкіләлемдік Универсиада ойындарында, 12,5 километрлік масс-старт бойынша өзінің екінші алтынын жеңіп алды. Бұл туралы vesti.kz тілшісі хабарлайды.
Бір рет қалт жіберіп алған Вишневская берілген қашықтықты 36:15,4 минутта бағындырды. Ал «күміс» украиналық Яна Бонадрьға (+1:02.3) бұйырса, «қоланы» ресейлік Лариса Куклина (+1:13.1) иеленді.
Қазақстанның намысын қорғаған спортшыларымыз Елизавета Бельченко (+1:27.0) мен Дарья Усанова (+2:10.9) тқртінші және бесәнші болып мәреге жеткен. Ал Александра Сасина 13-ші, Анастасия Кондратьева 15-ші келсе, өкінішке орай, Алина Райкова бұл жарысты аяқтай алмай қалды.
Вишневская үшін аталмыш жарыстарда алған екінші жүлдесі. Бұған дейін 7,5 километрлік спринтте бірінші болып жетіп, ел қоржынына өзінің алғашқы алтынын салған болатын.
Анна Шевченконың өз қоржынында БЕС жүлде бар
Қысқы Универсиада-2017 біздің спортшылар үшін, оның ішінде биатлоншылар мен шаңғышылар үшін өте сәтті өтуде. Бүгін шаңғышымыз Анна Шевченко өзінің бесінші жүлдесіне ие болды. Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.
Шевченко 15 километрлік масс-стартта жеңімпаздан небәрі 7,8 секундқа кеш келіп, үшінші орынға ие болды. Бірінші және екінші орын ресейлік спортшылар Лилия Васильева (44:09.7) мен Анна Нечаевскаяға (+2.0) бұйырды.
Қазақстандық шаңғышы Анна Шевченко ел қоржынына бес жүлде салды. Оның ішінде бір «алтын», бір «күміс», үш «қола» бар.
Ал Қазақстан қоржынында 11 алтын, 6 күміс, 12 қола жүлде, жалпы көлемде 29 жүлде бар.
«The Qazaq Times»