Бүгін қазақстандық биатлоншылар, жапониялық Саппорода өтіп жатқан бүкіләлемдік қысқы Азиада-2017 ойындарында, биатлонның аралас эстафетасы түрі бойынша, ел қоржынына бір алтын және бір күміс жүлде салды. Бұл туралы vesti.kz тілшісі хабарлайды.
Қазақстан құрамасының атынан екі команда қатысқан. Екеуі де олжалы болды: бірі күміс алса, енді бірі қоржынымыздағы алтындардың санын алтыға жеткізді.
«Алтын» алған команда мүшелері: Азиада-2011 ойындарының екі дүркін чемпионы Галина Виневская, Дарья Усанова, Максим Браун және Ян Савиц.
Ал екінші орынға тұрақтаған команда мүшелерінің құрамында Алина Райкова, Анна Кистанова, Василий Подкорытов және Антон Пантов бар. Ал жапондық спортшылар аталмыш жарыста үшінші орынға табан тіреді.
Сонымен, бүкіләлемдік Азиада-2017 қысқы ойындарының нәтижесі бойынша, Қазақстан құрамасын 21 медальмен (6 алтын, 7 күміс және 8 қола) жалпы есепте төртінші орында.
Үшінші орынада Қытай спортшылары 24 (9-8-7), екінші орында Оңтүстік Корея 41 (14-13-14) және көш басында – Жапония 58 (19-20-19).
«The Qazaq Times»