Бас прокуратура бұрынғы бас прокурор әрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің экс-төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын ресми хабарлады. Оған лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру күдігі тағылып отыр.
Әзірге Қожамжаровтың ұсталғаны жөнінде ресми дерек жоқ. Прокуратура тек тергеу басталғанын атап өтті.
60 жастағы Қайрат Қожамжаров – Назарбаев тұсындағы ең ықпалды күштік құрылым өкілдерінің бірі.
Әртүрлі кезеңде жемқорлыққа қарсы агенттікті, Бас прокуратураны басқарды.
2019 жылы Назарбаев отставкаға кеткен күні сенат депутаты болды.
Бұған қоса президент кеңесшісі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Ақмола облысының әкімі қызметтерін атқарды.
2023 жылдан бері мемлекеттік қызметте емес.
Соңғы уақытта Қожамжаровқа жақын делінетін шенеуніктерге қарсы іс қозғалып жатыр:
Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның бұрынғы жетекшісі Талғат Татубаев екі айға қамалды.
Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы болған Олеся Кексель азаптау ісі бойынша күдікті деп танылды.
Бұл тергеу – Назарбаев дәуіріндегі саяси элитаның ықпалды өкілдеріне кезек келгенінің айғағы ма? Қожамжаровқа қатысты істің қалай өрбитіні билік пен қоғам үшін маңызды көрсеткіш болмақ деп ойлағанымызбен бұл шынымен жемқорлықпен күрес пе, әлде элитаралық тартыстың жалғасы ма? Оның бәрін тек жоғардағылар біледі...












                                                        





                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                    
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                    
                                        Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
                                    
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                    
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                    
                                        ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?