Массачусетс штаты ұлттық гвардиясы әскери-әуе күштері барлау бөлімінің 21 жастағы қызметкері Джек Тейшейра онлайн-чатта достарына құпия деректерді берді деген күдікке ілінген. Fox News және The New York Times басылымдарының жазуынша, оны Steam ойын сервисіндегі профилі арқылы таныған. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
Ұлттық гвардияның жауынгеріне ұлттық қорғанысқа қатысы бар құпия ақпаратты заңсыз алды деген айып тағылады.
Америка басылымдары әскери шені салыстырмалы түрде төмен жауынгердің қолына құпия құжаттар қалай түскен деген сұраққа жауап іздейді. Бұған дейін The Washington Post күдікті Discord ойыншыларына арналған мессенджердегі 20-30 адамнан құралған чатта құпия құжаттар таратқанын жазған. Ақпаратқа қарағанда, күдікті "чаттағылар әлемде болып жатқан оқиғалардан көбірек хабардар болғанын қалайтынын" айтқан.
Ол әңгіме барысында АҚШ үкіметі мен барлау органдарын сынап, оларды "өз азаматтарын басып тастағысы келеді" және "ештеңеден хабарсыз болғанын қалайды" деп айыптаған.
АҚШ әділет министрлігі құпия ақпараттың жариялануы жөнінде қылмыстық тергеу бастады.


















Президент Тоқаевтың айтқан «7 триллионын» билікші БАҚ неге жаппай өшіріп тастады
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ұлттық құрылтай. Атауы қазақша болғанымен мазмұны президенттік бақылауда болмай ма?
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Гренландия мен Данияда Трамптың жоспарларына қарсы жаппай наразылық өтті