Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов 2017 жылы маңызды республикалық және халықыралық сайыстарда айрықша көзге түскен Армия орталық спорт клубының армиялық спортшыларымен кездесу өткізді деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз бөлімі.
Қорғаныс ведомствосының басшысы АОСК штаттық командаларының бірқатар спортшыларына, республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне кезекті әскери атақ беріп, құрмет грамоталарын табыс етті.
«Жылдан жылға байрақты бәсекеде медаль қоржынын толтырып, Қазақстанның туын көкке желбіретіп, еліміз бен Қарулы Күштердің намысын қорғап жүрсіздер. Бүгінде Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің дене даярлығына айрықша көңіл бөлуде. Бұл өз жемісін беруде және спорттық нәтижелерге жетуіміздің бірден-бір себебі. Қарулы Күштердегі спорт алға қарай ілгерілеп қадам басып келеді. Мен болашақта біз осы қалпымыздан таймаймыз деп үміттенемін», - деп, министр өзінің ыстық лебізін білдірді.
Қорғаныс министрімен салтанатты кездесуге қатысқан спортшылардың қатарында Қазақстанның мықты құзға өрмелеушілері кіші сержант Артем мен Никита Девятериковтар, VII қысқы Азиада ойындарының биатлоннан чемпионы кіші сержант Ян Савицкий, ХХVIII қысқы бүкіләлемдік универсиада чемпионы, биатлоншы сержант Алина Райкова, спорттық бағдарлауда ІІІ қысқы Бүкәлемдік әскери ойындардың жеңімпазы сержант Эльмира Молдашева болды.
Бүгінгі таңда Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Армия орталық спорт клубында спорттың әскери-қолданбалы түрі бойынша үш команда және олимпиада түрлері бойынша 15 команда бар.
Әскери спортшылар республикалық турнирлерде сәтті өнер көрсетіп, жоғары нәтижелер мен керемет дене даярлықтарын паш ете отырып, әлемдік аренада Қазақстан мен еліміздің Қарулы Күштерін лайықты деңгейде танытып жүр. Ағымдағы жылдың басынан АОСК-ның 100-ден аса спортшысы республикалық және халықаралық деңгейдегі 17 сайысқа қатысты. Онда олар әртүрлі дәрежедегі 70-тен аса медальді жеңіп алған болатын.
“The Qazaq Times”


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі