31 мамыр –  саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күн Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіліп келеді.  

Халқымыздың басына ауыр зұлмат әкелген бұл қаралы алапат біздің жадымыздан мәңгі өшпейді. Бір ұлтты құртып-жойып жіберуге арналған аяусыз саясаттың құрбандары әлі толық анықталған жоқ және тарихи әділеттілкке қол жтекізген жоқ деуге болады.

Бұл тарихи қасірет 1925 жылы қыркүйекте Қазақстанға басшылық қызметке Ф.Голощекиннің келуінен басталды.  Ол Қазақстанды кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Оның жүргізген саясаты ұлт зиялыларын жаппай қуғындауға ұласты.

«Халық жауларын» қуғындаған қатал саясаттың кесірінен жазықсыз зардап шеккендердің өздері ғана емес, жақындары  мен туыс-туғандары да зардап шекті.

Сонымен қатар бұл күн ашаршылықтан қырылғандарды есе алу  күні ретінде аталып өтіледі. 1920 жылдардың соңында және 1932-1933 жылдар аралығында қасақана ұйымдастырылған жасанды аштықтан, халқымыз аса зор көлемде қырғын тапқан болатын. Осыған орай, 2012 жылы елордада «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарының рухына тағзым» монументалды сәулетті көркем композициясы ашылды.

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері осындай тарихи ақтаңдақтардың орнын толтыруға күш салып келеді. Әсіресе, қоғамдық ұйымдар мен жекелеген азаматтар да бұл тұрғыда елеулі еңбек етуде. Соңғы жылдары билік те осы мәселеге байланысты оң қадамдарға бара бастады. Соның бір дәлелі ретінде ертең Алматы қаласында, Қабанбай мен Науырзбай көшелерінің қиылысындағы саябақта қуғын-сүргін құрбандарына арнап орнатылған ескерткіштің ашылуы болмақ. Оған қала басшысы Б.Байбек қатысады деп күтілуде.

qazaqtimes.com