Бүгін Алматыда 1931-1933 жылдарғы ашаршылық құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Аталған шараға қоғам қайраткерлері, репрессия мен ашаршылық құрбандарының ұрпақтары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және қала жастары қатысты.
Алматы әкімі Бауыржан Байбек былтыр мемлекет басшысының тапсырмасымен қала орталығында ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатылғанын айтып, ерекше мүсінде - қолына арып-ашқан, өлімші хәлдегі баласын ұстаған ана бейнесіндегі қазақ халқының ауыр тағдыры бейнеленгенін атап өтті.

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
«Тарихтың шерлі үнін жеткізген бұл ескерткіш – қаламыздың киелі нысандар тізіміне енді. Бұл – Елбасы атап өткендей, «ашаршылықта құрбан болған миллиондардың рухына бүгінгі буыннан тағзым және келер ұрпақ ата-бабаларының қандай қасіреттерді бастан өткергенін біліп жүруіне қажет тағылым», - деді Бауыржан Байбек.
Ол сол бір қасіретті жылдары қазақ халқының өз еңсесін тік көтеріп қана қоймай, қазақ топырағына жер аударылған өзге ұлт өкілдерін бауырына тартып, қамқорлығына алғанын атап өтті.

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Еске салсақ, былтыр «Қарағайлы» саябағында 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатылған болатын. Биіктігі үш метрлік қола мен граниттен құйылған мүсінде аштықтан өлімші болған баласын кеудесіне басқан ана бейнеленген.
Қазақстанда 1918 жылдан 1933 жылдар ішінде түрлі мәліметтер бойынша 3 миллионнан астам адам жаппай қырылған. Оның жартысынан астамы 1931-1933 жылдардағы ақжем ашаршылық кезінде шейіт болғандар. Ал 1937-1938 жылдары 100 мыңнан астам қазақстандық көз жұмды.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?