Түркияда конституцияға өзгерту енгізу бойынша референдум өтті.
Сайлаушылар өзгертулерді қолдап дауыс берсе Түрік тарихындағы үлкен өзгеріс болары анық. Немесе бұл ел парламенттік басқарудан президенттік басқаруға өтеді, деп жазды Би-Би-Сидің қырғыз қызметі.
Бұлай болғанда премьер-министрдің қызмет орны жойылып, парламенттегі депутаттардың саны көбейеді және сот құрлымына өзгерту кіргізіледі.
Түрік билігі бұл жолмен өлкенің басқару системасы нығаяды және жеңіл болады деп сендіреді. Егерде референдум нәтижесі күткендей болса онда президент Ердоғанға қосымша ұқықтар берілмек. Президент үкіметтің де мемлекеттің де басшысы болады.
Конситуцияға өзгерту енгізу заң жобасын Түркиядағы басқарушы партия "Ақиқат және даму" партиясы бастаған. Ердоған екі жыл бұрын президент болып сайланғаннан кейін осындай реформа қажет екенін айтқан еді. Бірақ оның қарсыластары авторитаризм күш алып кетеді деп қауіптенуде.
Ал, өзгертулерді қолдаушылар басқа елдердің саяси жүиесін мысалға келтіруде. Айталық, Франция, АҚШ президенттерінің рөлі туралы айтып, Ердоған сот жүиесін басқару арқылы парламентті ырықсыз орынға түсіреді деген сындарды шетке қағуда.
Конституциядағы өзгерісте әскери қызметкерлердің ұқықтары шектелген. Қарулы күштерге қатысы бар адамдар сайлауға қатыса алмайды.
Жаңа Ата заң Ердоғанның 2029 жылға дейін билікте қалуына жол береді. Заңда президенттік қызметтің мерзімі бес жыл болып, екі мерзімнен сайлануға жол береді. Егер Ердоған 2019 жылғы сайлаудан өтсе, тағы он жыл билікті ұстап тұруға мүмкіндігі бар.
Референдумның өтуіне өткен жылғы іске аспай қалған әскери төңкеріс себеп болып отыр. Батыс елдері әскери төңкерісшілерді жаппай қамауға алуын және қуғындауына қатты алаңдаушылық білдіріп келген еді. Енді Ердоғанды авторитарлық билік құруға ұмытылып жатыр деп айыптады.
Наурыздың соңында Ердоған референдумдағы жаңа өзгерулер іске асса "Фашистік" және "қатыгез" Еуропаға жауап болады деп мәлімдеген болатын.
Референдум алдында Батыс елдерімен Түркияның ортасында көптеген келіспеушіліктер орын алды. Референдум бойынша Нидерландиядағы мигранттарына үгіт жүргізбек болған екі түрік министрін бұл ел кіргізбей қойған еді. Австрия, Германия және Швейцария билігі түрік билігінің өкілдерінің үгіт жүргізуіне тиым салған.
Түрік диаспоралары өмір сүріп жатқан Еуропалық көптеген елдер қоғамдағы шинеліс артып кетпесін деген қорқынышпен түрік ресмилерімен болатын бас қосулармен митингтерге қарсы болған.
Түркияның Конситуциясы 1982 жылы 7 қарашада бүкіл елдік референдум арқылы қабылданған. Бұл ел тарихындағы төртінші Ата заң. Бұл заңды әскери жетекші топ жасаған. Өйткені 1980 жылы әскери төңкерістен кейін билікке келген.
“The Qazaq Times”