Канадалық ғалымдар алғаш рет кәсіби музыканттардың жылдамдығын анықтау үшін тәжірибе жасады. Нәтижесінде, олардың (музыканттардың) қарапайым адамдарға қарағанда жылдам қимылдайтыны және кез-келген дыбыстарды тез қабылдап, әрекет ететіндігі анықталған. «Бәлкім, жекпе-жек секілді спорт шебері болуға ұмтылған адамның музыкаға келуіне болатын шығар» деп болжам жасайды зерттеушілер. Бұл туралы Naked-science хабарлады.
Монреал университетінің зерттеушілері Франсуа Шампу (Francois Champoux) мен Симон Лондри (Simon Landry) зерттеу жұмыстары жайлы мақаласын Brain and Cognition журналында жариялады. Ғалымдардың тәжірибесіне 16 ерікті кәсіби музыканттар мен музыкаға еш қатысы жоқ 19 қатысты. Музыканттардың ішінде 8 пианист, 2 перкуссионист, бас-гитарист, флейтист, виолончелист және 3 скрипкада ойнайтын мамандар бар. Барлығы да 10 жасына дейін аспаптарда ойнап, үйренген, (әрқайсы бірнеше аспаптарды еркін меңгерген) музыка саласында жүргендеріне кемінде 7 жыл болған мамандар.
Тәжірибе өте қарапайым: еріктілерге оң қолындағы сұқ саусағын компьютер тышқанына, ал сол қолындағы сұқ саусағын қорапшаға (компьютер тышқанының көлемімен бірдей) қою керек. Олар қорапшаның ішіндегі дірілді немесе шуды естіген бойда, тышқан түймесін басуы шарт еді. Дәл осы қарапайым тапсырманың өзінде ғалымдар музыканттардың кез келген дыбысты (мейлі вибрация болсын, шу болсын, т.б.) тез қабылдап бір мезгілде әрекет ететіндігін байқады. 19 адам дыбыстарды шамамен 250-230 мс, ал музыканттар 200 мс уақытында естіген.
«Бұл нәтижелерден мынандай қорытынды шығаруға болады: Музыка саласында ұзақ жылдар бойы жүрген адам, кез келген дыбыстық, тактикалық, мультимодалды дыбыстарды сезіп, әрекет етуіне уақытын үнемдейді», – дейді жоба авторларының бірі.
Шындығында, бұл – ешкім білмейтін құпия емес. Бірақ ғылыми түрде зерттеу де көпшіліктің ойына келмегенін ескерген жөн. Араға ұзақ жылдар салып, үздіксіз музыкамен айналысу үшін адамға байқағыштық, дәлдік пен кішкентай қозғалыстың өзіне тез әсер ететін жылдамдықты меңгеру керек. Бұл ақпараттарды жылдам қорытып отыратын, мидағы нейрондық тордың дамуына септігін тигізеді.