Жапония ғалымдары сынған жағдайда өздігінен қалпына келетін әйнек ойлап тапты NHK телеарнасы.
Токио университеті ғалымдарының сөзінше, олар бастапқыда жұмсақ, резеңке тәрізді политиомочевин затына тәжірибе жасаған. Тәжірибе барысында жұмсақ зат қатты күйге еніп, деформациядан кейін өзінің бастапқы қалпына келетін қасиетке ие болған. Осыдан кейін ғалымдар одан әйнек жасауды ұйғарған. Олар әйнектің жаңа түрін екіге бөліп, қайтадан жалғағанда әйнек 10 секундтан кейін қайта қалпына келген. Тәжірибе жүргізген Токио университетінің асперанты Янагисава Юудың ойынша, болашақта қоршаған ортаға пайдалы өздігінен қалыпна келетін әйнектер қазіргі әйнектердің орынын басатын болады.
Естеріңізге салайық, өткен жылы Қазақстан Қызылорда облысында әйнек шығаратын зауыт құрылысын бастаған. Бірақ оның арты экс-ұлттық экономика министрі Қуандық Бишимбаевтың жемқорлық дауына ұласып, ақыр соңында зауыт құрылысы тоқтап қалған болатын. Кейіннен қазақстандық «Orda Glass Ltd» компаниясы Қытайдың "China Triumph International" компаниясымен келісім шартқа отырып, зауыт құрылысын Қытай компаниясы аяқтайтын болған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?